Ресейдің 36 өңірінде коронавирус пен шошқа тұмауы өршіп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейдің 36 өңірінде коронавирус пен шошқа тұмауы өршіп тұр

16.01.2023

Ресейдің 36 өңірінде коронавирус пен шошқа тұмауы өршіп тұр. Татарстанда тұмаумен ауырғандар күрт көбейді. Сондықтан карантидік шаралар қайта күшейтіліп жатыр.

Индира Бегайдар, тілші:

Дәл қазір Татарстанда эпид ахуал мәз емес. Өйткені, мұнда тұмау жұқтырғандар саны, басқа өңірлерге қарағанда екі есе жоғары. Науқастардың 82 пайызынан шошқа тұмауы да анықталған. Сондықтан барлық республика бойынша карантиндік шектеулер қайтадан енгізілді. Яғни қоғамдық орын, медициналық мекеме және кей компанияларда маска тағу міндетті. Оқушылар қашықтан оқу режиміне ауыстырылды. Мамандардың болжауынша, осы айдың соңында аурырғандар бойынша көрсеткіш шарықтау шегіне жетеді.

Илья Мухлынин, тұрғын:

Өзім Сахалиннен келдім. Өйткені онда карантин енгізіліп, жұмыстан айырылдым. Жалпы қазір жағдай қиын. Экономикаға ауыр тиіп жатыр. Егер барлық ел бойынша карантин енгізілсе, тағы қысқарту басталады. Сондықтан екпе салып, ауырмаған дұрыс.

Жалпы Ресейде тұмауға қарсы күрес жан-жақты жүргізіліп жатыр. Бірақ бұл жұмысты елдегі дәрі-дәрмек тапшылығы қиындатып тұр. Басқа мемлекеттермен алыс-беріс үзілгелі дәрі жеткізу мүмкін емес, қоймадағысы таусылды. Сонымен қатар алып-сатарлар көбейген. Кейбір медициналық препараттың бағасы, теңгеге шаққанда, 1 миллион теңгеге дейін көтерілді. Мамандардың пікірінше, бұл проблеманың шешілуіне кем дегенде 2 жыл керек

Индира Бегайдар


Хабарламаларға жазылу