Жамбыл облысының тұрғындарына жаз айларында орманға баруға тыйым салынбақ. Мұндай шешім орманды алқапты өрттен сақтау үшін қабылданып отыр.
Аймақтағы орман қорының көлемі – 4 миллион 443 мың гектар. Оның 90 пайызға – жуығы құмды аймақтағы көшкіннен қорғайтын сексеуіл мен жүзген ағашы. Мамандардың сөзінше, осыдан 4-5 жыл бұрын Жамбыл облысы өрман өрті бойынша республикада алдыңғы қатарда болған. Ал былтыр 2 жағдай ғана тіркелді. Өйткені соңғы жылдары қауіпсіздік шаралары күшейіп, жаза қатаңдады. Сондықтан енді жыл сайын шілде айының басынан қыркүйек айының соңына дейін мемлекеттік орман қоры аумағына жеке азаматтардың кіруіне тыйым салынады.
Елнұр Әлімқұлов, облыстық Орман шаруашылығы инспекциясының маманы:
2017 жылы бізде мемлекеттік орман қоры жерлері, орман өрт оқиғасы ірі көлемде республика бойынша бірінші орында болды. Сол себептен біз бұл қаулыны Орман кодексінің 15-бабы, 8-ші тармағына сәйкес, жергілікті атқарушы органдар қаулыны толық шығаруды ұсынды. Қазіргі таңда бұл қаулы жыл сайын жүргізіледі.