Мәжіліс сайлауына биылға республикалық бюджетте қаражат жоқ. Бұл туралы Үкімет қабырғасында Қаржы министрі айтты. Ерұлан Жамаубаев науқанға қаржы қажет болса бюджет наурызда қайта қаралатынын жеткізді. Егер Орталық сайлау комиссиясынан тапсырыс болса, онда шұғыл түрде Үкімет резервінен бөлінуі мүмкін.
Ерұлан Жамаубаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі:
Республикалық бюджетте биылға қаражат жоқ сайлауға. Егер нақтылау кезінде керек болса, оны қарастырамыз. Бірақ өткізу керек болатын болса, біз қаражат бөлеміз ғой.
Дарын Сағитов