Қаңтар оқиғасы: Үш полицейге сот үкімі шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаңтар оқиғасы: Үш полицейге сот үкімі шықты

17.01.2023

Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде ұсталғандарды азаптаған үш полиция қызметкеріне сот үкімі шықты. Олар жаппай тәртіпсіздік кезінде автокөлікті заңсыз иемденді деген күдікпен ұсталған тұрғынға қысым көрсетіп, күш қолданған. Сот үкімімен екі сотталушы үш жыл мерзімге мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығы шектеле отырып, үш жылға бас бостандығынан айырылды. Ал, үшінші тәртіп сақшысы 1 жыл 6 ай мерзімге сотталды. 

Хабарламаларға жазылу