Ресей Қорғаныс министрлігі елдің қарулы күштерінде ірі өзгерістер болатынын жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей Қорғаныс министрлігі елдің қарулы күштерінде ірі өзгерістер болатынын жариялады

17.01.2023

Ресей Қорғаныс министрлігі елдің қарулы күштерінде ірі өзгерістер болатынын жариялады. Бұл жоспар 2023-2026 жылдарда жүзеге асуы тиіс. Қорғаныс министрі Сергей Шойгудің мәлімдеуінше, әкімшілік реформаларға қоса, әскери-теңіз флотының, аэроғарыш және стратегиялық зымыран күштерінің жауынгерлік қабілеті күшейеді. Кремльдің мәлімдеуінше, өзгерістер Украинаға қару-жарақ беріп жатқан Батыстың прокси-соғысына қарсы тұру үшін қажет. Бұған қоса, 11 айға созылған қарулы қақтығыстағы сәтсіздіктері үшін сынға ұшыраған Ресей қорғаныс министрлігі әскери персонал санын 1,5 млн-ға көбейтуге уәде етті.  

Сергей Шойгу, Ресей қорғаныс министрі:
Қарулы күштердің екі стратегиялық аумақтық бірлестігі Мәскеу және Ленинград әскери округтері, сондай-ақ Ресей Федерациясының жаңа субъектілерінің аумағында жекелеген шұғыл топтар құрылсын.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу