Пияз экспортына уақытша шектеу қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пияз экспортына уақытша шектеу қойылды

18.01.2023

Пиязды сыртқа экспорттау үш айға тоқтатылды. Ведомство аралық комиссия өнімнің бағасын тұрақты ұстап тұру үшін осындай шешім шығарған.

Бүгінде шетелдерден Қазақстанның пиязына деген сұраныс күрт артқан. Әсіресе, Пәкістандағы табиғи апаттардан кейін нарықтағы пияз бағасының өскені байқалады. Сондай-ақ, Өзбекстандағы қатты аязда көптеген өнім үсіп кеткен еді. Қымбатшылыққа осы жағдай да әсер етіп, сырт елдер қазақстанның өнімін белсенді түрде импорттай бастады.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, былтыр елде 1,1 миллион тоннадай пияз жиналған. Бұл алдыңғы жылдармен салыстырғанда 3 есе аз.


Хабарламаларға жазылу