Украинада тікұшақ апатынан 18 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинада тікұшақ апатынан 18 адам қаза тапты

18.01.2023

Украинаның Бровары қаласында тікұшақ апатынан 18 адам қаза тауып, 29 адам жараланды.

Әуе көлігінің бортында 9 адам болған, арасында елдің Ішкі істер министрі, оның бірінші орынбасары мен ведомствоның мемлекеттік хатшысы бар. Тікұшақ балабақша мен тұрғын үйдің жанына құлаған. Көз жұмғандардың үшеуі - бала. 15 сәби ауруханада ем алып жатыр. Апатқа ұшыраған әуе көлігі төтенше жағдайлар департаментіне тиесілі. Тікұшақ құлағаннан кейін балабақшаға жақын жерде өрт тұтанған.

Алдын-ала мәліметтерге сай, тікұшақ алдымен балабақшаға соғылып, кейін тұрғын үйге жақын жерге барып құлаған.


Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу