Жаңаөзен қаласында оқушылар шығармашылығы үйі күрделі жөндеуден соң, қайта пайдалануға берілді. Ғимарат жарты ғасыр бұрын салынған. Әбден тозығы жеткен орталықты жөндеу бойынша жобаны 2 кәсіпкер қолдап, әрқайсысы 500 млн теңгеден бөлген. Бұл ақшаға тек жөндеу жұмыстары ғана жүргізілмей, қосымша заманауи үлгідегі спорт залы да пайдалануға берілді. Жалпы, өнер мен білім орталығында 2 мыңға жуық оқушы әртүрлі бағытта тәлім алады. Сондай-ақ, осы жерде сөйлеу қабілеті бұзылған балаларды логопед-дефектолог мамандар тегін емдейді.
Феруза Теміршиева, Жаңаөзен қаласының тұрғыны:
1 жылдан асып кетті емдетіп жүргеніме. Нәтиже бар. Тұтықпасы басылды. Баламды Астанаға, Ақтауға басқа жерге емдететін едім логопедке. Осы жерде әртүрлі үйірмелердің ашылғаны бізді қуантып отыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Маңғыстауда шығармашылық үйі күрделі жөндеуден кейін қайта ашылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./news/170117/)