Алматыда көктайғақтан 200-ден астам адам ауруханаға түскен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда көктайғақтан 200-ден астам адам ауруханаға түскен

19.01.2023

Алматыда көктайғақтан құлап ауруханаға түскендер саны 200-ден асты. Олардың басым бөлігі түрлі дене жарақатын алған. 11 тұрғынды үсік шалған. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық басқармасы хабарлады.

Олардың мәліметінше, жыл басынан бері қатты аязда үсіп қалған бір адам көз жұмды. Оның тұрғылықты мекенжайы болмаған. Дәрігерлердің сөзінше, аяз кезінде сыртқы киім мен аяқ киімге ерекше мән берген дұрыс. Әсіресе, суық күндері бірінші кезекте балалар мен қарт кісілерді үсік шалуы мүмкін. Сондықтан мамандар аяз күндері сыртта көп жүрмей, барынша сақтануға кеңес беріп отыр.



Хабарламаларға жазылу