Мәжілісті тарату мәселесі талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжілісті тарату мәселесі талқыланды

19.01.2023

Мемлекет басшысы Парламент палаталарының төрағаларымен және Премьер-министрмен кеңес өткізді.

Мәжілісті тарату мен мәс лихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату жөнінде мәселе қаралды. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы референдумда саяси өзгерістерге, соның ішінде Парламент пен мәслихаттарды жасақтау тәртібін жаңартуға қолдау білдіргенін айтты. Президент барлық айтылған ой-тұжырымдарды ескеріп, нақты шешім қабылдайтынын мәлімдеді.


Хабарламаларға жазылу