Франция халқы зейнет жасын ұлғайтуға қарсы ереуілге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Франция халқы зейнет жасын ұлғайтуға қарсы ереуілге шықты

19.01.2023

Франция халқы жаппай ереуілге шықпақ. Тұрғындардың басым бөлігі биліктің зейнет жасын өсіру туралы жоспарына наразы. Жаңа заң жобасын парламент мақұлдаса, зейнет жасы 62-ден 64-ке ұзартылмақ. Бұған сай, 2027 жылдан бастап толық көлемде зейнетақы алу үшін француздар 43 жыл еңбек етуі тиіс болады. Бірнеше қалада өтетін жаппай ереуілге ондаған мың адам қатыспақ. Қалааралық пойыз қатынасы шектеліп, мектептер жабылады.

Париждегі Орли әуежайында кейбір ұшақ рейстері шегерілді. Ал метрода жүргізушісіз екі желі ғана жұмыс істеп тұр.


Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу