Түркістан облысында білім ұйымдарының 85%-ы аттестаттаудан өтпеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында білім ұйымдарының 85%-ы аттестаттаудан өтпеді

19.01.2023

Түркістан облысында білім беру ұйымдарының 85 пайызы мемлекеттік атестаттаудан өтпей қалды.

Аймақтағы 8 колледж, 139 мектеп және 218 балабақша тиісті талаптарға сай екенін дәлелдей алмаған. Сырттай жүргізілген бағалау жұмысы кезінде оқу жоспарынан бастап, білім нысандарының қажетті техникалық базамен қамтамасыз етілуі барлығы сараланған. Ал балабақшаларда тәрбиешілер бойынша тексеру жүргізілген. Анықталған кемшіліктерді жою үшін білім мекемелеріне 1 айдан 1 жылға дейін мерзім берілген.

Гүлдар Медеубек, облыстық Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің бөлім басшысы:

Қайта аттестатталмағанның бәрі Сарыағаш ауданынан шығып жатыр. Одан кейін бізде ең үлкен Жетісай ауданы бар, Сайрам, Қазығұрт аудандарында да көптеген кемшіліктер анықталып жатады. Оларға енді ұсыныстар берілді. 


Айнұр Ақбаева

Хабарламаларға жазылу