Білім ұйымдарының 85%-ы аттестаттаудан өтпеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Білім ұйымдарының 85%-ы аттестаттаудан өтпеді

19.01.2023

Түркістан облысында білім беру ұйымдарының 85 пайызы мемлекеттік аттестаттаудан өтпей қалды. Аймақтағы 8 колледж, 139 мектеп және 218 балабақша тиісті талаптарға сай екенін дәлелдей алмаған. Сырттай жүргізілген бағалау жұмысы кезінде оқу жоспарынан бастап, білім нысандарының қажетті техникалық базамен қамтамасыз етілуі барлығы сараланған. Ал балабақшаларда тәрбиешілер бойынша тексеру жүргізілген. Анықталған кемшіліктерді жою үшін білім мекемелеріне 1 айдан 1 жылға дейін мерзім берілген. 

Гүлдар Медеубек, Облыстық білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің бөлім басшысы:
Қайта аттестатталмағанның бәрі Сарыағаш ауданынан шығып жатыр. Одан кейін бізде ең үлкен Жетісай ауданы бар, Сайрам ауданында көптеген кемшіліктер анықталып жатады. Қазығұрт ауданында да. Оларға енді ұсыныстар берілді. Мерзім берілді.

Айнұр Ақбаева 

Хабарламаларға жазылу