Риддер жылу электр орталығындағы жағдай бес күнде реттеледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Риддер жылу электр орталығындағы жағдай бес күнде реттеледі

20.01.2023

Риддер жылыту электр орталығында өртеніп кеткен көмір жеткізу конвейрі бес күннің ішінде қалпына келтіріледі. Ол үшін қазір 150 маман тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.

Күзде болған апттан соң жылыту орталығындағы 6 қазандықтың төртеуі 2 айға жуықтан соң қалпына келтірілген. Бұл қазандықтар көмір және мазутпен жылытылады. Кеше болған соң өрттен соң толық мазутқа көшірілді. Жалпы жылыту орталығындағы жабдықтардың 75 пайызы тозып тұр. Ал қалада 160 шақырымнан астанын жылу құбыры болса, оның 80 пайызы ескірген. Сондықтан орталықты толық жаңғырту жұмысы биыл мамыр айында басталмақ. Оған дейін стратегиялық нысанды мемлекет қарамағына қайтару мәселесі қаралып жатыр.


Олжас Керейхан

Хабарламаларға жазылу