Түркістан облысының тәртіп сақшылары Кентау қаласындағы көлік жөндеу станцияларының бірінен қару-жарақ пен жарылғыш заттар тапты.
Тінту кезінде травматикалық тапанша, 2 аңшы мылтығы, 1 граната, оқ-дәрілер және жарылғыш зат тәркіленді. Олады сол жерге жасырған көлік жөндеуші күдікті ретінде ұсталды. Барлық суық қаруға сот-криминалистикалық және баллистикалық сараптама тағайындалды. Ал күдікті қамауға алынып, оның осыншама қару-жарақты қандай мақсатта сақтап жүргені тексеріліп жатыр.
Айнұр Ақбаева