Тараз тұрғыны 19 жыл бойы қайтыс болғандар тізімінде тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тараз тұрғыны 19 жыл бойы қайтыс болғандар тізімінде тұр

20.01.2023

Тараз қаласының тұрғыны 19 жыл бойы қайтыс болған адамдардың қатарында тұрғанын біліп, енді өзінің тірі екенін дәлелдей алмай жүр.

Жеке фирмада жүк тасушы болып істейтін Олег Ким жақында зейнетақы қорына жиналған қаржысын түгендемек болған. Өзінің тірі адамдар қатарында жоқ екенін сол жердегі мамандардан білген. Ақпараттық жүйеге оның қайтыс болғаны туралы мәлімет 2004 жылы сот шешімінен кейін түскен. Арызданушы өзінің бұрынғы әйелі болып шықты. Енді Олег Ким сот арқылы қайтадан өзінің тірі екенін дәлелдеу керек.

Бахытнұр Тлеубекқызы, Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы:

Бұл кісі статусын қайтаруы үшін АХАТ бөлімшесіне жүгінуі керек. Қайтыс болуы туралы АГ жазбасын жою үшін өтінішті жазады. Содан кейін біз ол кісіге сотқа жолдама береміз. Сот шешімі керек. Түріксіб аудандық сотының шешімі 2 сәуірде 2004 жылы шығарылған. Қайтыс болу фактісін жою туралы сот шешімін алып келген кезде, біз оны жойып тастаймыз.


Нұрдос Сембек

Хабарламаларға жазылу