Францияда миллионнан астам адам президент реформасына қарсы шеруге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Францияда миллионнан астам адам президент реформасына қарсы шеруге шықты

20.01.2023

Францияда 1,1 миллион адам шеруге шығып, президент Эммануэль Макронның пенсия реформасына наразылық білдірді. Мұны елдің ішкі істер министрлігі хабарлап отыр. Алайда, кәсіподақтардың дерегінше, демонстранттардың саны 2 миллионнан асып кеткен. Солардың 400 мыңдайы Парижде көшеге шықты.

Ел астанасының кейбір аудандарында қарсылық акциялары полициямен қақтығысқа ұласып, 40-қа жуық адам тұтқындалды.

Кәсіподақтар мақсаттарына жеткенше наразылықты тоқтатпаймыз дейді. Олар қаңтардың 31-де тағы да ереуілге шығатындарын ескертті.

Макрон азаматтардың зейнетке шығу жасын 62-ден 64-ке көтеруді жоспарлап отыр. Оның ойынша, бұл өзгеріс нәтижесінде пенсия жүйесі қаржылық тұрғыдан өміршең болады. Ал, шерушілердің сөзінше, үкімет қара жұмыстағыларды бейнеттің зейнетін көру құқығынан айырайын деп отыр.


Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу