Бейбіткүл Дуанбекова: Телевизия - ұлт үшін ұлы мектеп - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бейбіткүл Дуанбекова: Телевизия - ұлт үшін ұлы мектеп

21.01.2023

Қазақ телевизиясы 65 жылда халықтың ақпараттық, рухани қажетін өтеп отырған қуатты күшке айналды. Осы жылдар аралығында қара шаңырақ Ұлттық арнаның дамуына бірнеше ұрпақ елеулі үлес қосты.

Олардың арасында ер азаматтармен иық тіресе жүріп, еңбек еткен нәзік жанды журналистер де баршылық. Солардың бірі – Бейбіткүл Дуанбекова. Жастайынан қаламды қару еткен журналист ақпарат саласында көп тер төкті. Елдің мұңын мұқтап, жоғын жоқтады. Тіпті 1992 жылы азаматтық соғыс жүріп жатқан Тәжікстанға жөнелтілген гуманитарлық көмек жайлы ақпарат таратып, қақтығыс болған аймақтан 8 репортаж дайындады. Оның материалдарынан Орта Азия елдері жазықсыз қырылған халық пен қираған үйлер, жалпы жағдай жайлы бүкпесіз ақпарат алды.

Жан-жақты тілші түрлі бағдарламаларда жүргізуші болып, көрерменге пайдалы айдарлар да ұсынды. Бейбіткүл Сатыбалдықызы «Телевизия журналистер үшін ғана емес, ұлт үшін де ұлы мектеп», - дейді. Ардагер қазір өзі еңбек еткен жылдарды сағынышпен, тебіреніспен еске алады.

Бейбіткүл Дуанбекова, телевизия ардагері:

Қазақ телевизиясы алғаш өзінің хабарын таратқан жылы дүниеге келіппін. 1983 жылы телевизияға алғаш жұмысқа келгенде мен небары 25 жаста болатынмын. Бір ғана қара шаңырақта 30 жыл қызмет еттім. Өмірімнің ең мәнді, ең мағыналы, ең жақсы кездері осы қара шаңырақта халықтың арасында, жұртпен бірге өтті.

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу