Сирияның Алеппо қаласында тұрғын үй кешені құлап, 13 адам қаза тапты. Марқұмдардың саны бұдан да көп болуы мүмкін. Өйткені үйінділер әлі тазартылып біткен жоқ.
Ресми мәліметтерге сай, ғимараттың құлауына оның іргетасының әлсіреуі себеп болған. Алеппода он жыл бойғы қарулы қақтығыстан зардап шеккен ғимараттардың көбі қирап жатыр. Бұл үйлерде жөндеу жұмыстары жүргізілмеген.
Арай Төлегенқызы