Су шаруашылығы саласында еңбек ететін қызметкерлердің жалақысы 90 мың теңгеден аспайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Су шаруашылығы саласында еңбек ететін қызметкерлердің жалақысы 90 мың теңгеден аспайды

23.01.2023

Су шаруашылығы саласында еңбек ететін қызметкерлердің жалақысы 90 мың теңгеден аспайды. Бұл туралы «ҚазСуШар» мекемесінің өкілі айтты. Жалақының аз болуына негізгі себеп – тарифтің төмендігі дейді ол. Жалпы су қоймалары орташа есеппен 25 жыл жұмыс істеуі тиіс. Бірақ, біздің теңгерімдегі су қоймаларының қолданысқа берілгеніне 25 жылдан асып кеткен. Тіпті 60-70 жыл бойы су жинап келе жатқандары бар.  

Ерболат Беркінбаев, «ҚАЗСУШАР» РМК Бас директорының орынбасары:
Су саласы қазіргі таңда республикада ең төменгі жалақылардың бірі. Мектептегі қарауылдың біздегі арнайы оқу бітірген дипломы бар маманнан жалақысы жоғары. Қазіргі таңда 90 мыңнан аспайды. Сол себепті, біз оны тарифпен шешпесек, былай айтқанда шешім жолы жоқ. Мемлекеттен ақша алмаймыз, қанша су жеткіземіз соны шаруалардан жинап, қызмет жасаймыз.

Жалпы, көктемгі су тасқынының алдын алу мәселесі министрліктердің бақылауында. Еліміз бойынша төтенше жағдайға 1403 бірлік автокөлік және арнайы техника, 50 000 тонна инертті материал, 38 мыңнан астам құм салынған қаптар дайындалды. Көктемгі су тасқыны қаупі Қызылорда, Маңғыстау облысында төмен, Ұлытау мен Павлодар облыстарында орташа. Қалған өңірлер қызыл аймақта, яғни қауіп жоғары.

Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу