Жетісу облысының Қаратал ауданында жүк поезды темір жол өткелінен өтпек болған тракторды қағып өтті.
Қанабек ауылының маңындағы апат салдарынан ауылшаруашылығы техникасында отырған екі адам зардап шекті. 41 жастағы азамат ауруханада көз жұмды. Ал 18 жастағы ер едамға медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Полиция жол ережесін бұзу дерегі бойынша іс қозғап, тергеу басталды.
Қуаныш Қанатұлы