Пәкістанның біраз бөлігі жарықсыз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пәкістанның біраз бөлігі жарықсыз қалды

24.01.2023

Пәкістан үкіметі энергия жүйесінің қалпына келтіріліп жатқанын мәлімдеді. 220 миллиондай халқы бар елдің басым бөлігі өткен тәулікте жарықсыз қалған еді. Жергілікті мамандар бұл дағдарысқа инфрақұрылымның әбден тозуы және оған жеткілікті инвестиция салынбауы себеп дейді.

Айта кетсек, Пәкістанның Исламабад, Лахор, Карачи, Пешавар тәрізді ірі қалаларында электр станциялары істен шықты. Бағдаршамдар өшіп, метролар мен пойыз қозғалысы да тоқтап қалды.

Хабарламаларға жазылу