Қасым-Жомарт Тоқаев Саха Республикасының басшысы Айсен Николаевты қабылдады. Екі ел арасындағы сауда-саттық көлемі айтарлықтай артып келеді. Қазақстан сауда қатынасын одан әрі тереңдетуге мүдделі. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Саха Республикасын тамыры терең тарихи және мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастар байланыстыратын атап өтіп, ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аударатынын айтты. Айсен Николаев Саха елі Қазақстан компанияларымен өнеркәсіп өнімдері, минералды ресурстар және зергерлік бұйымдар салаларында сауда-саттық жасауға дайын екенін жеткізді.
Асима Нұрбайқызы