Көмір жеткізудің жаңа тетігі әзірленеді. Әлихан Смайылов өңірлік операторлардың көмірді бөлу жөніндегі қызметін талдауды тапсырды. Әрі басы артық делдалдарды айналып өтіп, әлеуметтік объектілер мен халыққа өндіру орындарынан тікелей отын жеткізудің жаңа тетігін пысықтауды жүктеді. Сонымен қатар, қазақстандық және өзбек инвесторларының қатысуымен екі ел теміржолдары арқылы жүк тасымалдауды жүзеге асыру үшін бірлескен кәсіпорын құру мәселелері талқыланды.