Мұнай өнімдерін сыртқа көлікпен тасымалдауға төрт айға тыйым салынбақ. Энергетика министрлігінің хабарлауынша, бұл ішкі нарықта бензин және дизель тапшылығына жол бермеу үшін жасалып отыр. Ақпанда күшіне енетін құжатқа сай бензин мен солярканы көлікпен экспорттауға болмайды.
Тек машинаның өз багында ғана тасымалдауға рұқсат. Алайда мұнай-газ сарапшылары бұл шешім жеткіліксіз дейді. Айтуларынша, көлеңкелі бизнесті жою керек. Өйткені жанармайды заңсыз экспорттайтындар азаймай тұр дейді.
Досжан Маратұлы