Аудиторлар қаржылық есебінде қате жіберген кәсіпкерге екінші мүмкіндік беруге міндеттелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аудиторлар қаржылық есебінде қате жіберген кәсіпкерге екінші мүмкіндік беруге міндеттелді

25.01.2023

Аудиторлар қаржылық есебінде қате жіберген кәсіпкерге екінші мүмкіндік беруге міндеттелді. «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» заңға енгізілген өзгерістерде осылай деп жазылған. Жаңа нормаға сәйкес, тексеруші анықталған қаржылық қателіктер туралы кәсіпкерге ескертуі тиіс. Құқық бұзушылық анықталған жағдайда материалдар дауларды реттеудің апелляциялық және сот тәртібі сақталғаннан кейін ғана құқық қорғау органдарына беріледі. Бұған дейін аудиторлар материалды полицияға тікелей беретін. Заң авторлары бұл - негізсіз қылмыстық істерді қозғауға кедергі болады дейді.

Әсет Омаров, ҚР Қаржы министрлігі ішкі мемлекеттік аудит комитетінің басқарма басшысы:
Аудит нәтижелері бойынша қаржылық бұзушылықтары туралы объектінің кәсіпкерлік субъектілерін хабардар ету міндеттілігі жаңалықтардың бірі болып табылады. Егер кәсіпкерлік субъектілері бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаларды орындауға келіспеген жағдайда, оларға мемлекеттік аудит нәтижелеріне апелляциялық комиссияға және сот тәртібімен шағымдану құқығы берілген.

Серік Селеубай

Хабарламаларға жазылу