Бизнес бастағысы келетін жастарға берілетін микрокредит ережесі бекітілді. Оған сәйкес 21 мен 35 жас аралығындағы азаматтар өз кәсібін бастау үшін 2,5 пайыздық мөлшерлемемен 5 миллион теңге ниесе ала алады. Қайтару мерзімі 5 жыл. Ол үшін бюджеттен 23 миллиард теңге қарастырлған. Бұл ақшаға 6 мыңдай берешек беру көзделген. Қарызды Аграрлық несие корпорациясы конкурстық негізде биылдан бастап береді. Десе де өтініштерді қабылдау қашаннан басталатыны әзірге айтылмай отыр.
Досжан Маратұлы