Жамбыл облысындағы шаруа қожалығынан 8 мың литр спирт тәркіленді. Заңсыз сақталған сұйықтықтың нарықтағы құны, орта есеппен, 20 млн теңгеге жуық. Полиция заңсыз 8 бөшкеге құйылған 1 тонна спиртті Меркі ауданында орналасқан шаруашылық қоймасынын тапты. Бұл іс бойынша 51 жастағы қожалық иесіне қатысты тергеу басталды.
Н.Болатұлы