Әлихан Смайылов: Өңірлерде байланыс сапасын арттыру керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлихан Смайылов: Өңірлерде байланыс сапасын арттыру керек

26.01.2023

Өңірлерде байланыс сапасын арттыру керек. Бұл туралы Үкімет басшысы айтты. Салаға жауапты ведомство басшысы ақпараттық қауіпсіздікті нығайту жөніндегі жоспарлар туралы баяндады. Атап айтқанда, кей шарттарды онлайн форматқа көшіру, бизнесті тексеруді автоматтандыру, инноваторлар мен жер қойнауын пайдаланушылардың өзара іс-қимылы үшін бірыңғай сервисті әзірлеу, мемлекеттік қызмет ұсынатын платформаларды дамыту бойынша жұмыс жалғасады деді ол. Әлихан Смайылов министрліктің басым міндеттерінің бірі азаматтарды сапалы ұялы байланыспен және интернетпен жаппай қамтамасыз ету екенін атап өтті.  

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:
Тұрғындар тарапынан интернет сапасына қатысты шағым көп. Бұл мәселені шешу керек. Бүгінде 5G байланысын енгізу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр, бірінші кезекте республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарын қамту жоспарлануда. Сонымен қатар өңірлерде байланыс сапасын арттыра отырып, 3G және 4G стандарттарын дамытуды жалғастыру қажет.

Серік Селеубай


Хабарламаларға жазылу