Астанада өңірлік мерзімді басылымдар форумы аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада өңірлік мерзімді басылымдар форумы аяқталды

26.01.2023

Астанада өңірлік мерзімді басылымдар форумы аяқталды. Шарада аймақтардағы баспа мен басылымдардың барлық мәселелері талқыланды. Әзірленіп жатқан «Масс-медиа туралы» заң жобасы жан-жақты жіліктеліп, түсіндірілді. Әріптестер өзара пікір алмасып, ортақ мүдде жолында тәжірибе алмасты. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі өңірлерден келген әріптестерінің сұрақ-өтініштеріне жауап берді. Министр балаларға арналған басылымдардың хал-ахуалын көтеру керектігіне екпін түсірді. Сондай-ақ, өңірлік мерзімді басылымдар форумын өткізу үшін бюджеттен және министрлік тарапынан бір тиын да жұмсалмағанын айтты. Бұдан бөлек, форумды алдағы уақытта аймақтарда өткізу туралы ұсыныс қабылданды. 

Дархан Қыдырәлі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:
Ақылдасу үшін жасалған дүние, өзінің үдесінен шықты ғой деп ойлаймын. Жазбаша қалдырған, осында айтқан мәселелеріңіздің барлығын да біз назарға аламыз. Сол арқылы жұмыс істейміз. Өйткені, заң жобасынан кейін ережелер өзгереді, сол арқылы біздің даму концепциямыз өзгереді, сол арқылы қаржыландыру және басқа да бағыттарда үлкен-үлкен өзгерістер болады. Соны ескеру үшін кездескен болатынбыз.

Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу