Бүгін таңғы сағат 6:11-де Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді.
Сейсмикалық станциялар желісінің дерегінше, зілзала ошағы қаладан 191 шақырым жерде, Қырғыз Республикасы аумағында анықталған. Магнитудасы - 5,2. Оның дүмпуі Алматыда шамамен 2-3 балл қуатымен сезілді. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, гидротехникалық құрылыстарда, көшкін мен сел жүру қаупі бар учаскелерде қандай да бір бүліну және жарықшақтар анықталмады. Сондай-ақ, зардап шеккендер мен құрбан болғандар туралы ақпарат жоқ. «112» мен «101» желілеріне де тұрғындардан қоңырау түспеген.
Фариза Мұсақызы