Қазақстанда тұтынушылық несие алғандар артып барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда тұтынушылық несие алғандар артып барады

27.01.2023

Қазақстанда жеке және заңды тұлғалардың банктерге берешегі 36 трлн теңгеге жуықтаған. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 23%-ға артық. Оның ішінде тұтынушылық несиенің үлесі - 7 жарым трлн. Қарызын 90 күннен артық төлемей жүрген тұрғындардлың саны ептеп азайған. Бұл туралы «Бірінші несие бюросы» хабарлады. Мониторингтік компания басшысының сөзінше, елдегі сатып алынған жылжымайтын мүліктің 40%-ы ипотекалық несиеге рәсімделген. Жасалған келісім шарттардың орташа мөлшері 14 миллион теңгеден асады.

Руслан Омаров, «Бірінші несие бюросы» ЖШС бас директоры:

Былтыр жалдамалы кеңсе, пәтерлердің ақысы өсті. Көп адам осыдан кейін ай сайын біреудің қалтасына төлегеннен гөрі, мүлікті біржолата сатып алуға бел буған. Ипотека арқылы жылжымайтын мүлік рәсімдегендердің арасында 30 жасқа толмағандардың саны 20 пайыздан асты. Олардың басым бөлігі былтыр қазан айында келісім шартқа қол қойған.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу