Астанада ақын Гүлісхан Домалайқызының «Ақеділ жүрек» атты шығармашылық кеші өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада ақын Гүлісхан Домалайқызының «Ақеділ жүрек» атты шығармашылық кеші өтті

30.04.2015
Астанада ақын Гүлісхан Домалайқызының «Ақеділ жүрек» атты шығармашылық кеші өтті

Осыған дейін  сегіз альманах пен үш жеке кітап жазып үлгерген ақын қыз, шығармашылық кеште «Ақеділ жүрек» атты жыр жинағынан өлеңдер оқыды. Көбіне махаббат тақырыбында қалам тербейтін ол, соңғы жылдары туған жер тақырыбына бет бұрғандығын да айтты.

«Негізі 16 жасымнан өлең жаза бастадым. Қазір 500-ге жуық өлеңім бар, оның 20-30-на музыка жазылды. Дені Қытай елінде орындалып жүр. Ал,қазақ елінде 6-7 өлеңіме музыка жазылды. Қазір кешімде орындалатын болады», - дейді ақын Гүлісхан Домалайқызы.

Хабарламаларға жазылу