Иә, сақтықта қорлық жоқ....Алматы облысының таулы аймақтарында қаңтар айының соңына дейін қар көшкіні жүру қаупі сақталады. Сондықтан Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындар мен қонақтарды барлық қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады. Ведомствоның мәліметінше, Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 48 аумақта көшкін жүру қаупі бар. Қар көшкінінің түсуі негізінен температураның жоғарылауы мен ақ ұлпа жамылғысының тұрақсыздығына байланысты.
Қуан Нұрақын