Франциядағы ереуілдер көлік қатынасын тежеуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Франциядағы ереуілдер көлік қатынасын тежеуі мүмкін

30.01.2023

Францияда зейнетақы реформасына қарсы ереуілдер әлі де жалғасатын түрі бар. Салдарынан көлік қатынасы айтарлықтай қиындайды деген қауіп басым. Мұны осы елдің транспорт министрлігі мәлімдеп отыр. Францияда ауқымды шерулер сейсенбі күні басталады. Онда халық зейнет жасын 62-ден 64-ке көтеру туралы үкіметтің жоспарына наразылық білдірмек. Мұның салдарынан елде пойыздар қозғалысы тоқтап, мұнай өңдеу зауыттарының жұмысы қиындайды. Энергия өндірісі қысқаруы мүмкін. Айта кетсек, қаңтардың 19-да аталған реформаға миллионнан астам адам қарсылық білдірген еді. Ал президент Эммануэль Макрон үкіметі зейнетке шығу жасын көтеру қаржы үнемдеу үшін қажет екенін айтып отыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу