Халық пікірі: Жаңа есімдер - жаңа саяси жүйе қалыптастырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халық пікірі: Жаңа есімдер - жаңа саяси жүйе қалыптастырады

30.01.2023

«Алда өтетін Мәжіліс пен мәслихат сайлауы - саяси жүйені түпкілікті қайта жаңғыртып, мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісін қалыптастырады. Ең бастысы - сайлауда жеңіске жеткен жаңа есімдер - жаңа қадам жасап, ел болашағына оң өзгеріс әкелетіне сеніммен қараймыз». Қарапайым тұрғындардың пікірі - осындай.

Ең бірінші жемқорлықты жою. Жастарға көп мүмкіндік беру керек. Қазақстанды жастар өркендетсін. Жаңа Қазақстаннан көп жаңа жаңалық күтеміз.

Ертең осы сайланған депутаттар біздің елдің өркендеуіне ат салысады. Иә, дауыс беремін. Еліміз кішкене өзгеруі керек. Ауылдар сол күйі жатыр, сол ауылдың халі өзгеруі керек. Жаңашылдық болу керек деп ойлаймын.

Халықтың әл-ауқатын көтеретін жаңа заңдар қабылданғанын қалаймын. Ашық болғаны сыбайластыққа да, таныс-тамырмен емес, осылай ашық болғаны жақсы. Кез келген адам қатысу ол дұрыс деп ойлаймын. Жаңа Қазақстан болған соң бәрі жаңадан сайлану керек, нақты-ақты шешім қабылдану керек, созбалай бермей деп ойлаймын.

Ақмаржан Ғафизқызы


Хабарламаларға жазылу