Ресейде коронавирус жұқтырғандар күрт көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде коронавирус жұқтырғандар күрт көбейді

30.01.2023

Ресейде коронавирус жұқтырғандардың саны күрт көбейді. 85 өңірде эпидахуал тұрақсыз.

Индира Бегайдар, тілші:

Жаңа жылдық мерекелерден соң елде инфекция жұқтырғандар қайтадан көбейді. Бір күнде 7 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталған. Оған қоса, шошқа тұмауы өршіп тұр. Сондықтан маскасыз қоғамдық орындарға кіргізбейді. Елде дәрі-дәрмек тапшы. Дегенмен коронавирусқа қарсы екпе белсенді түрде жүрзгізілуде.

Анна Паздникова, дәрігер:

Қазіргі таңда коронавируспен қоса, қызылша, өзге де аурудан екпе салып жатырмыз. Коронавирусқа қарсы вакцинаның бірнеше түрі бар. Атап айтсақ, бұлшық етке салатын және мұрынға тамызатын екпені 24 сағат бойы қолданып жатырмыз.

Мамандар Ресейде коронавирустың 100-ден астам штамы тіркелгенін айтады. Қазір балалар мен зейнеткерлер жиі жұқтыруда. Келер айдың соңында инфекция шарықтау шегіне жетеді деген болжам бар. Оған дейін кей компаниялар қашықтан жұмыс істеуге көшті.

Индира Бегайдар


Хабарламаларға жазылу