Түркістан облысының Сауран ауданында тұрғындар асарлатып үй салып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысының Сауран ауданында тұрғындар асарлатып үй салып жатыр

30.01.2023

Түркістан облысының Сауран ауданында тұрғындар асарлатып үй салып жатыр. Жүйнек елдімекенінің жұрты қаржы жинап, жалын шарпыған баспананы жөндеуге кіріскен. Ал, Теке ауылындағы тұрғын үй түгелдей өртеніп кеткен. Орнына жаңасы салынбақ. Көмек қолын созғандардың бірі - «Үлес» қайырымдылық қоры. Одан бөлек, халықтан 5 миллионға жуық қаржы жиналған. Жергілікті тұрғындар екі күннің ішінде көпбалалы отбасыға жаңа баспананың қабырғасын тұрғызып берді. Құрылысқа 300-ге жуық азамат үлес қосқан.

Оңласбек Үсенханұлы, Жүйнек ауылы ақсақалдар алқасының төрағасы:

Өрт өте қатты шыққаны соншалық, ешқандай зат алып қала алмады. Бүкіл дүние-мүлкі барлығы өртеніп кетті. Өзі үстінде қандай киіммен жүрсе, сондай киіммен қалды барлық бала-шағасы да, өзі де. Өзі көпбалалы ата-ана еді. Дәл бүгінгі күнде фундаменті құйылып, төрт қабырғасы тұрып, бірінші жаппасын жауып жатыр ауылымыздың жастары.

Айнұр Ақбаева


Хабарламаларға жазылу