Алимент төлемегендер елден шыға алмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алимент төлемегендер елден шыға алмайды

30.01.2023

Алимент төлемей жүрген 16 мың борышкердің Қазақстаннан шығуына тыйым салынды. Тағы 2 мыңңан астам адам іздеуде. Олардың өз балаларының алдындағы қарызы – 14 млрд теңгеге жеткен. Сот орындаушыларының өндірісінде 305 мыңдай құжат жатыр. Борышкерлердің ең көбі - Астана мен Алматыда. Төлем көлемін азайту үшін нақты табысын әдейі төмендететін жағдайлар да көп. Былтыр жүзден аса қазақстандық қылмыстық жауапкершілікке тартылған.   

Асима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу