Жаңа Зеландияның солтүстігінде алдын-ала төтенше жағдай жарияланды. Өйткені, бұл аймақта жауын тиісті мөлшерден тым көп жауып, алапат тасқын болуы мүмкін.
Айта кетсек, жұма күні Окланд қаласында жаңбыр құйып, су көтерілгенде, 4 адам қаза тауып, мыңдаған үй бүлінген.
Бұған қоса, мұнда халықаралық және ішкі әуе рейстер доғарылып, жүздеген адам сапарға аттана алмады. Ал, қашықтан оқуға мәжбүр болған оқушылар мектептерге ақпанның 7-не дейін оралмайды.
Арыстан Рысбек