Жаңа Зеландияның солтүстігінде алдын ала төтенше жағдай жарияланды. Өйткені бұл аймақта жауын тиісті мөлшерден тым көп жауып, алапат тасқын болуы мүмкін.
Айта кетсек, жұма күні Окланд қаласында жаңбыр төпелеп, су деңгейі көтерілген. 4 адам қаза тауып, мыңдаған үй бүлінген еді. Бұған қоса, халықаралық және ішкі әуе рейстері тоқтатылып, жүздеген адам сапарға шыға алмады.
Ал қашықтан оқуға мәжбүр болған оқушылар ақпанның 7-не дейін мектепке оралмайды.
Арыстан Рысбек