Қарағанды облысында 36 кәсіпкердің құқығы қорғалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында 36 кәсіпкердің құқығы қорғалды

01.02.2023

Қарағанды облысында мемлекеттік органдар мараторийге қарамастан кәсіпкерлерді тексеріп, айыппұл салған. Заңсыз әрекетті прокурорлар әшкереледі. Осылайша 36 кәсіпкердің құқығы қорғалып, 350 миллион теңгесі қайтарылған. Ал заңды белден басқан 50-ден астам қызметкер жауапқа тартылды. Кәсіпкерлерді жөн-жосықсыз тексеруге тыйым салатын мараторий 2024 жылға дейін ұзартылды. Сондықтан келешекте мұндай олқылыққа жол бермес үшін бақылаушы орган өкілдері Telegram вot каналын әзірлемек. Сол арқылы қысым көрген әр кәсіпкер тікелей прокурорлардың көмегіне жүгіне алады.

Руслан Нұрланұлы


Хабарламаларға жазылу