Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі бизнесімен айналысқан қылмыстық топты ұстады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі бизнесімен айналысқан қылмыстық топты ұстады

01.02.2023

Ұлттық қауіпсіздік комитеті синтетикалық есірткі бизнесімен айналысқан қылмыстық топты ұстады. Олар Қазақстан аумағына аса ірі көлемде есірткіні кіргізіп қана қоймай және сатуды да ұйымдастырған. Өлімге әкелетін «тауар»

«Мефедрон» және «альфа-PVP» әлеуметтік желісі мен мессенджерлер арқылы саудаланған. Бұлтартпас айғақтардың нәтижесінде Шымкент және Қонаев қаласынан есірткі синдикатының ұйымдастырушысы мен үш көмекшісі қолға түсті. Тінту кезінде заңсыз айналымынан 103 келі синтетикалық есірткі тәркіленген. Қылмысық топ есірткіні Астана, Алматы, Қонаев, Көкшетау, Шымкент, Тараз, Қызылорда және Өскемен қаласында таратып келген.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу