«AMANAT» партиясының мүшелері жерді тәркілеу процесін қатаң бақылауда ұстайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«AMANAT» партиясының мүшелері жерді тәркілеу процесін қатаң бақылауда ұстайды

01.02.2023

«AMANAT» партиясының мүшелері латифундистерден жерді тәркілеу процесін қатаң бақылауда ұстайды. Бұл туралы Мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл респуликалық қоғамдық кеңестің төрағасы Ерлан Саиров айтты.

Яғни партия қоғамдық алаң ретінде, әрбір азаматтың еншісі болып табылатын ұлттық байлықты мемлекетке қайтаруға күш салмақ. Мәселен, Маңғыстау және Жамбыл облыстарындағы Болат Назарбаевтың еншілес компанияларына тиесілі 300 мың гектарға жуық жер мемлекетке қайтарылған.

Бұдан бөлек, Астанада бей-берекет салынған құрылыс нысандарының жәйі талқыланды. Нақтырақ айтсақ, мектеп, балабақша сынды әлеуметтік нысандар салынатын жерге тұрғын үйлер бой көтерген. Бас қаладағы құрылыс жұмыстары қатаң бақылауды қажет етеді,-деді қоғамдық кеңес төрағасы.

Нұрдос Болатұлы

Хабарламаларға жазылу