Қарағанды облысындағы 140 мектептің жылу қазандығы талапқа сай емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысындағы 140 мектептің жылу қазандығы талапқа сай емес

02.02.2023

Қарағанды облысындағы 140 мектептің жылу қазандығы талапқа сай емес. Аймақтағы 302 білім мекемесі автономды нысандардың және қазандықтардың көмегімен жылытылады. Олардың көбі 90 жылдардағы тоқырау кезінде балалардың оқуы тоқтап қалмас үшін амал етіп салынған. Ал 2009 жылы жаңа техникалық талаптар қабылданды. Соның негізінде жылыту нысандары кемі 50 метр қашықта болуы тиіс,-дейді мамандар. Соңғы 5 жылда 73 мектептің жертөлесіндегі пештер шығарылған. Енді санитарлық және өзге де талапқа сай емес деп танылған оқу орындарындағы қазандықтардың мәселесі біртіндеп шешілмек.

Хабарламаларға жазылу