Ливан астанасы Бейрутте әлемдегі ең ірі суда қалқитын кітап жәрмеңкесі өтіп жатыр. Мұнда әр түрлі жанрдағы 5 мыңдай кітап қойылған. Тұрғындар қалағанын сатып ала алады. "Білім үміті" атты кемеде өтетін жәрмеңкенің басты мақсаты - соғыс, саяси дағдарыстар мен экономикалық күйзелісті өткеріп жатқан аймақтарға қайырымдылық көмек көрсету. Бұл - Германиядағы үкіметтік емес ұйымдардың бірінің жобасы. Мұндай жәрмеңке 2009 жылдан бері өткізіліп келеді. Сол уақыттан бері бортына кітап тиеген "Білім үміті" кемесі 150 елдегі 480 портқа тоқтаған. Жәрмеңкеге бас-аяғы 50 миллионға жуық адам барған.
Арай Төлегенқызы