Үкіметте өңірлердің су тасқыны кезеңіне дайындығы қаралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкіметте өңірлердің су тасқыны кезеңіне дайындығы қаралды

03.02.2023

Үкіметте Алматы, Жамбыл, Атырау, Қызылорда және Түркістан облыстарының су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды. Бүгін Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен арнайы комиссия отырысы өтті.

Жиында әкімдіктерге барлық қажетті техникаларды әзірлеп, жұмысты жүйелі жүргізу тапсырылды. Ал Экология министрлігі Сырдария мен Іле өзендеріндегі жағдайды бақылап су қоймаларының қауіпсіз деңгейін қадағалайды.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу