Түркістан облысында 18 агрожоба жүзеге асады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында 18 агрожоба жүзеге асады

04.02.2023

Түркістан облысында жеміс пен көкөніс сақтайтын 5 қойма салынады. Жоба жүзеге асса 40 мың тоннаға дейін өнімді ұзақ мерзімге жинап алуға мүмкіндік туады. Премьер-Министрдің орынбасары, Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин аймақта болып, аграрлық сала өкілдерімен барлығы 18 жобаны талқылады.

Жалпы елімізде жеміс пен көкөністің басым бөлігін түркістандық шаруалар егеді. Бірақ, дихандарға жиған-терген өнімін сақтау - үлкен мәселе. Сондықтан, 5 қойма салынса бау-бақша дақылдарының 64 пайызға жуығын сақтауға болады. Мұнан бөлек, тауарлы сүт өндіру бойынша 4 жоба, ет бағытында 4 құс фабрикасын ашу көзделген. Жалпы аграрлық бағыттағы жобаларды жүзеге асыруға 43 миллиард теңгеге жуық несие берілмек.

Әділбек Серікұлы


Хабарламаларға жазылу