Бүгін автонесиеге өтінім қабылдау басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін автонесиеге өтінім қабылдау басталады

06.02.2023

Бүгіннен бастап жеңілдетілген несие бойынша көлік алуға өтінім қабылдау басталды. Несие беру бұрынғы шарттар бойынша жүргізіледі. Яғни, бір автокөліктің құны 15 млн теңгеден аспайды. Қаржыландыру сомасы 10 млн теңгеден артық емес. Қаржыландыру мерзімі 7 жыл. Бастапқы жарна нөл пайыз. Өтінім беру үшін компьютер арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаны енгізіп қосылуға болады. Платформада тек Қазақстан аумағында тіркелуге мүмкіндік бар. Алайда, осыған дейін бағдарлама аясында несие алған адамның өтінімі қабылданбайды.

Ламбриан Топузидис


Хабарламаларға жазылу