Түркияда қаза тапқандар арасында отандастарымыз жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда қаза тапқандар арасында отандастарымыз жоқ

06.02.2023

Түркиядағы осы қуатты жер сілкінісінің салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандардың арасында отандастарымыз жоқ. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі хабарлады.

Айбек Смадияров, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:

Қазіргі уақытта консул Түркияның Төтенше жағдайлар бойынша басқармасымен тікелей байланыста. Қаза болғандар мен зардап шеккендердің арасынан Қазақстан азаматтары табылған жоқ. Айта кетерлік жағдай жер сілкінісі өте мықты болған. Сондықтан әлі де құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ ведомстваның ресми өкілі Түркияға сапарлайтын қазақстандықтарға кеңес берді. Айтуынша, табиғи апатты болжау мүмкін емес. Сондықтан әрбір азамат Түркияға барған кезде барлық сын-қатерді бағалауы тиіс. Ал егер қандай да бір мәселе туындай қалған жағдайда министрлік шұғыл жәрдем бере алуы үшін елшіліктеріміз мен консулдығымыздың байланыс деректерін білгені жөн деді Смадияров.


Хабарламаларға жазылу